Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады

Тоқаев БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2023 15:32 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді қабылдады.

Кездесуде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы сауда-экономика саласы екіжақты байланыстардың басты бағыты саналатынын айтты. Бұл ретте екі елдің үкіметтеріне таяу келешекте сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға дейін жеткізу міндеті жүктелгенін еске салды.

Президент Стратегиялық инвестициялық жобалар туралы бірлескен мәлімдемеге сәйкес энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әмірліктердің Masdar компаниясымен жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен жобаларды ілгерілету бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын, сондай-ақ AD Ports Group және Terminals Holding компанияларымен бірлесіп көлік-логистика желісі мен әуе тасымалы қызметтерін кеңейтуді көздейтін инвестициялық жобалардың жүзеге асырыла бастағанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында ақпараттық технологияларды дамыту бағытындағы ықпалдастық мәселесіне айрықша мән берілді.

Президент Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы достық пен ынтымақтасты нығайтуға зор еңбек сіңіргені үшін Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикиді II дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: