34 жастағы Габриэль Атталь Францияның жаңа премьер-министрі болды

Габриэль Атталь, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2024 18:33 Сурет: Facebook/Gabriel Attal
Франция премьер-министрі қызметіне 34 жастағы білім министрі Габриэль Атталь тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ел тарихындағы министрлер кабинетінің ең жас басшысы болды.

"Габриэль Атталь Элизабет Борн отставкаға кеткеннен кейін жаңа премьер-министр болып тағайындалды", - деп хабарлады РИА Новости.

BFMTV арнасының хабарлауынша, Атталь енді Макронға жаңа министрлер кабинеті бойынша ұсыныстарын айтуы керек.

Атталь үкіметтегі алғашқы қызметіне 29 жасында тағайындалған.

2024 жылғы 8 қаңтарда Франция премьер-министрі Элизабет Борн отставкаға кететінін мәлімдеді, ал Макрон мұны қабылдады. Борн министрлер кабинетін бір жыл жеті ай басқарды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: