Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Қорғас" орталығы 9 ақпаннан бастап жұмыс істемейді

Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Қорғас" орталығы 9 ақпаннан бастап жұмыс істемейді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2024 18:16 Сурет: Zakon.kz
"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) Қытайдағы Жаңа жылды тойлау кезінде уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Қытай Халық Республикасында Чуньцзе – Қытай Жаңа жылының жыл сайынғы мерекесін атап өтуге байланысты, "ҚОРҒАС" ШЫХО 2024 ЖЫЛҒЫ 9-11 ақпан АРАЛЫҒЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІНІН ХАБАРЛАЙМЫЗ", - делінген Жетісу облысы әкімдігінің хабарламасында.

12 ақпан "Қорғас" ШЫХО штаттық режимде жұмысын қайта бастайды. Сонымен қатар қытай сауда орталықтарының жұмыс кестесін хабарлаймыз:

  • "Джунке" сауда үйі 6-нан және 17-ші ақпанға дейін жабық;
  • "Золотой порт" сауда үйі 6-нан және 17-ші ақпанға дейін жабық;
  • "Кинг-Конг" сауда үйі 9-нан 12-ші ақпанға дейін жабық;
  • "Ю" сауда үйі 9-нан 12-ші ақпанға дейін жабық.
  • "Қорғас" ШЫХО-на келуді жоспарлау кезінде жоғарыда аталған сауда орталықтарының жұмыс кестесін ескеруді сұраймыз.

Қосымша сұрақтар болған жағдайда 8 771 316 4349 нөмірге қоңырау шалуыңызға болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: