Жаңалықтар тізбегі
0

Францияда Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты ерекше жағдайда өтеді

Қайықтар, Франциядағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2024 12:33 Сурет: Instagram/paris2024
2024 жылдың жазында Францияда жазғы Олимпиада ойындары өтетіні белгілі. Ауқымды спорттық шараның ашылу салтанаты 26 шілдеде Париждегі әйгілі Сена өзенінде өтеді. Спортшылар мен шенеуніктерге 180 қайық әзірленген, деп хабарлайды Zakon.kz.

AFP мәліметінше, Франция ішкі істер министрі Жеральд Дарманен, ойындардың ашылуында 180 қайық пайдаланылатынын мәлімдеді. Атап айтқанда: 94 қайық – спортшыларды тасымалдау үшін, қалған 86-сы – күзет және техникалық қызмет мамандары үшін.

Алдын ала барлық спорттық делегациялар Сена бойындағы шеруге қатысуға келісім берді. Бұл - стадионнан тыс жерде алғаш рет ұйымдастырылған бұрын-соңды болмаған Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты.

Эйфель мұнарасының алдында Аустерлиц пен Трокадеро арасында 6 шақырым қашықтыққа жүретін спорт флоты төтенше қауіпсіздік шараларын қабылдайды. Ішкі қауіпсіздік департаментінің 45 мың өкілі Иль-де-Франста (Париж ауданы) қызмет атқарады.

Қайықтар, Франциядағы Олимпиада ойындары, ашылу салтанаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2024 12:33

Сурет: Instagram/paris2024

326 мыңға жуық көрермен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатыса алады. Салтанатты рәсім 26 шілдеде Сена өзенінде өтеді. Көрермендер шараны жағалаудан тамашалай алады, 222 мың адамға тегін билет қарастырылған.

Ойынның ашылу күні Париждің айналасындағы әуе кеңістігі қауіпсіздік мақсатында 150 шақырым периметрі бойынша жабылады. Демек, Шарль де Голль мен Орли халықаралық әуежайларында белгілі бір уақыт аралығында бір де бір ұшақ қона немесе ұшып кете алмайды.

2024 жылдың қаңтар айының басында Париж мэрі Анн Идальго Олимпиада басталар алдында суға түсуге тыйым салынған Сена өзеніне бір сүңгіп алуға уәде берді. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері бойынша, жақында Франция президенті – Эммануэль Макрон да осындай уәде берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: