Жаңалықтар тізбегі
0

Әзірбайжан Францияны елдің ішкі ісіне араласты деп айыптады

Әзірбайжан, Франция, сөз бостандығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2024 09:34 Сурет: pixabay
Әзірбайжан Франция СІМ-нің мәлімдемесін елдің ішкі ісіне араласу деп санайды. Ресми Париж Әзірбайжанда сөз бостандығына қол сұғылып, өз ойын еркін жеткізетіндер тұтқындалатынын мәлімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Әзірбайжан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылады. 

"Біз Францияның Еуропа істері және сыртқы істер министрлігінің 8 наурыздағы Әзірбайжандағы сөз бостандығы мен баспасөзге қол сұғушылық, сонымен қатар бас-көзге қарамай тұтқындау жүргізілетіндігі туралы болжамды мәлімдемесін түбегейлі жоққа шығарамыз. Біз мұндай негізсіз және біржақты мәлімдемелерді Әзірбайжанның ішкі істеріне, тергеу процесіне және тәуелсіз сот билігіне  араласу деп санаймыз", делінген СІМ сайтында.

Сондай-ақ ресми хабарламада Париждің Бакуді адам құқығын бұзды деп айыптауға моральдық құқығы жоқ екендігі, өйткені Францияда "заң шығарушы құрылымдардағы парақорлық пен сыбайлас жемқорлық, исламофобия және мұсылмандарға шабуыл кең таралғаны" баса атап өтіледі.

"Әзірбайжанда іргелі құқықтар мен бостандықтар, сондай-ақ БАҚ бостандығы толығымен қамтамасыз етілген. Біз Франциядан елдің ішкі істеріне араласпауды талап етеміз", делінген хабарламада.

Бұған дейін Франция СІМ Әзірбайжандағы сөз бостандығы жағдайына алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме таратты. Париж ел билігін республиканың халықаралық міндеттемелеріне сәйкес баспасөз және сөз бостандығын құрметтеуге шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: