Жаңалықтар тізбегі
0

Мәскеудегі "Крокус сити холдағы" теракт: Тәжікстанда да тергеу шаралары басталды

Крокус сити холл, Тәжікстан, тергеу шаралары, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2024 19:46 Сурет: видеодан алынды
Мәскеудегі "Крокус сити холда" болған қарулы шабуылдан кейін Тәжікстанда да тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости елдің күш құрылымдарындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

"Тергеу барысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның бақылауында, ол Душанбеде "Крокус сити холдағы" теракт бойынша жүргізіліп жатқан тергеу шаралары мен тергеу барысына қатысты барлық ақпаратты күн сайын алып отыр", делінген хабарламада.

Агенттіктің дереккөзі Душанбеде теракт бойынша айыпталушылардың туыстарына қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын нақтылады. Ресейге көшкенге дейін күдікті айыптылардың барлығы Душанбе маңындағы Вахдат, Гиссар қалаларында және Рудаки ауданында тұрғаны анықталды.

22 наурызда "Крокус сити холдың" концерт залына камуфляж киген бірнеше адам баса-көктеп кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Атыс-шабыс "Пикник" рок-тобының концертінің бастаулына бірнеше минут қалғанда болған.

Соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, Мәскеудегі "Крокус сити холдағы" лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқандар саны 139-ға жетті, олардың үшеуі - бала.

25 наурызда төрт күдіктіні тұтқындауға санкция берілді. Олар өз кінәсін мойындады. Кейінірек тағы үш күдіктінің қамауға алынғаны белгілі болды: әкесі мен екі ұлы.

2024 жылы 26 наурызда Мәскеу облысындағы "Крокус сити холдағы" теракт ісі бойынша тағы бір күдікті – Әлішер Қасымов қамауға алынды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: