Байден Израиль басшыларын тұтқындауға санкция беруге түбегейлі қарсы
"Газада болып жатқан оқиға, геноцид емес"- деді Байден.
ТАСС жазғандай, Байден ХБК Прокурорының Израиль басшыларын тұтқындауға санкция беру туралы талабы шектен шыққанын атап өтті.
Сонымен қатар, президент Израильді соңына дейін қорғауға дайын екенін айтты.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтон ХБК Прокурорының талабын қабылдамайтынын айтты.
Блинкеннің пікірінше, прокурордың шешімі көмектеспейді. Ол керсінше, кепілге алынғандарды босатуға және гуманитарлық көмек жеткізілімдерін арттыруға мүмкіндік беретін атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізуді қиындатуы мүмкін. Бұл АҚШ қол жеткізуге тырысатын мақсаттар.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС содырлары Израильді зымыранмен атқылап, оның аумағына басып кірген болатын. Ал Израиль өз кезегінде Газа секторында жердегі атыстарды бастады.