Жаңалықтар тізбегі
0

Украинаның денсаулық сақтау министрінің экс-орынбасары ағза саудасы бойынша күдікке ілінді

Трансплантация, Украина, дәрігерлер, заңсыз орган саудасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2024 18:51 Сурет: pixabay
Украинаның денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Михаил Загрийчук пен тағы 10 дәрігер ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларға қатысты "дәрменсіз күйдегі және құқық бұзушыларға тәуелді адамдардың анатомиялық материалдарын заңсыз алу және оларды одан әрі трансплантациялау" бабы бойынша іс қозғалды.

Lb.ua басылымы атап өткендей, Загрийчук 2019 жылдың тамызынан 2020 жылдың наурызына дейінгі аралықта министр Зоряна Скалецкаяның орынбасары болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта ол Жүрек институтында іш қуысы органдарын трансплантациялау және хирургия бөлімінің меңгерушісі болып табылады.

Сонымен қатар, бұл іс бойынша Жүрек институтының, Волын облыстық клиникалық ауруханасының және Киевтің орталық қалалық клиникалық ауруханасының тағы 10 дәрігері ұсталғаны белгілі болды.

Басылым тергеу мәліметтеріне сүйене отырып, органдар дәрменсіз күйде болған адамдардан алынып, кейіннен бұл биоматериалдар шетелге шығарылғанын жазады. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2022 жылдың тамызында Украина Жоғарғы Радасының Ұлт денсаулығы жөніндегі комитетінің төрағасы Михаил Радуцкий елдегі трансплантология саласы соғыс қимылдары аясында рекордтық қарқынмен дами бастағанын хабарлады.

Бұған дейін Қазақстанда трансплантацияға мұқтаж адамдар санының артқаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: