Денсаулық сақтау саласындағы сертификаттауға жататын мамандықтар: өзгерістер енгізілді

Больница, поликлиника, медицинское учреждение, медучреждение, врачи, доктора, сдача крови, переливание крови, анализ, анализы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 13:45 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 30 қыркүйектегі бұйрығымен Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен мамандандырулар тізбесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, "Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау менеджменті, санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар қызметкерлердің мамандықтары мен мамандандырулары" тарауы жаңа редакцияда баяндалған:

Мамандықтар

  • Қоғамдық денсаулық
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Медициналық-профилактикалық іс
  • Медициналық-биологиялық іс Гигиена-эпидемиология

Мамандандырулар

  • Радиациялық гигиена
  • Санитариялық-гигиеналық зертханадағы зертханалық іс
  • Дезинфекциялық іс
  • Паразитология
  • Бактериология
  • Вирусология
  • Еңбек гигиенасы
  • Балалардың және жасөспірімдердің гигиенасы
  • Тамақтану гигиенасы
  • Коммуналдық гигиена
  • Өнеркәсіптік гигиена
  • Эпидемиология
  • Микробиология
  • Нутрициология
  • Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен (обамен, тырысқақпен) жұмыс істеу кезіндегі биоқауіпсіздік
  • Патогендігі II топтағы аса қауіпті микроорганизмдермен (тырысқақпен) жұмыс істеу кезіндегі биоқауіпсіздік
  • Патогендігі II топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу кезіндегі биоқауіпсіздік

Сондай-ақ, келесі бөлімдер де жаңа редакцияда жазылды:

  • Санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық емес білімі бар қызметкерлердің мамандықтары мен мамандандырулары,
  • Санитариялық-эпидемиологиялық бейін саласындағы техникалық және кәсіптік білімі бар қызметкерлердің мамандықтары мен мамандандырулары.

Мамандықтар:

  • Биология
  • Химия
  • Биотехнология
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Гигиена және эпидемиология
  • Санитариялық фельдшер
  • Зертханалық диагностика (зертханашы, дәрігер-зертханашының көмекшісі, фельдшер-зертханашы)

Мамандандырулар

  • Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс істеу кезіндегі далалық биоқауіпсіздік
  • Санитариялық-гигиеналық зертханадағы зертханалық іс
  • Дезинфекциялық іс
  • Патогендігі I-II топтардағы микроорганизмдермен жұмыс істеу кезіндегі биоқауіпсіздік

Бұйрық 2025 жылғы 14 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: