Жаңалықтар тізбегі
0

Футбол патшасы – Пеленің анасы дүниеден озды

Пеленің анасы, дүниеден озды, Селеста Арантес, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2024 10:42 Сурет: Instagram/pele
21 маусымда аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеленің 101 жасқа келген анасы Селеста Арантес дүниеден озды. Ол бір апта бұрын ауруханаға түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қария өмірінің соңғы жылдарында вегетативті күйде болған әрі екі жыл бұрын атақты ұлының бақилық болғанынан да хабарсыз, деп хабарлайды Apnews.

"Біздің ішіміз алай-түлей, баласы еркелетіп айтатын Селестина туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырып, жүрегімізді ауыртты. Осы күнге дейін бар болып, ортамызда жүргені үшін оған шексіз ризамыз. Дона Селеста - патшайым ана, оны әрдайым жүрегімізде ұстап, жадымызда сүйіспеншілікпен мәңгіге сақтаймыз". Пеле қорының мәлімдемесі

Пеле мансабының көп бөлігін өткерген "Санто " клубы мен оның жанкүйерлері де футбол патшасының анасының қайтыс болуын зор өкінішпен қабылдағандарын айтады.

Эдсон Арантес ду Насименту, яғни әлемге әйгілі Пеле - Селеста Арантестің үш баласының бірі. Бастапқыда ол ұлының кәсіби футболмен айналысуына қарсы болды, бірақ уақыт өте келе ол өз көзқарасын біртіндеп өзгертті. Пеленің өзі 2022 жылы 29 желтоқсанда қайтыс болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: