Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде белгісіз адам атыс ұйымдастырды

Ресейде білгісіз адам атыс ұйымдастырды , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2024 10:00 Сурет: pixabay
Ресейдің Ростов облысы бойынша ІІМ өкілі белгісіз адам Батайскідегі көшеде атыс ұйымдастырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Оның айтуынша, Ресей ІІМ-нің Батай қаласы бойынша полиция бөліміне Воровский көшесіндегі оққа ұқсас дыбыстар туралы хабарлама түскен.

"Полицейлер белгісіз адамның травматикалық тапаншаға ұқсас заттан оқ атқанын анықтады. Полицейлер күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған іс – шаралар кешенін жүргізуде", - деді РИА Новости.

Жәбірленушілер мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Дербенттегі синагога мен шіркеуге белгісіз біреулер оқ атқан, сонымен қатар Махачкалада жол полициясы бекетіне шабуыл жасағаны хабарланған болатын. Ресей Тергеу комитетінің Дағыстан Республикасы бойынша Тергеу басқармасы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205 ("Террористік акт") 1-бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кейін Махачкала мен Дербентке жасалған қарулы шабуылдың салдарынан алты полицейдің қаза тапқаны белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, 15-тен астам полиция қызметкері, сондай-ақ бірнеше бейбіт тұрғын, соның ішінде Орыс православие шіркеуінің діни қызметкері лаңкестік әрекеттердің құрбаны болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Дағыстандағы лаңкестік әрекеттерге байланысты көңіл айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: