Парижге келген шенеуніктің ақша толы сөмкесін ұрлап кеткен

Олимпийские игры в Париже, Париж-2024, казахстанские спортсмены на олимпиаде в Париже, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2024 11:15 Фото: olympic.kz/Сали Сабиров
Парижде Оңтүстік Судан спорт министрі орынбасарының 35 мың доллар салынған сөмкесін ұрлап кетткен. Ақша елдің олимпиадалық делегациясына арналған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сөмкеде ақшадан басқа телефон, аккредиттеу, төлқұжат және зергерлік бұйымдар болған. Valeurs Actuelles мәліметтері бойынша, 5 тамызда әйел сөмкені қонақ үйдің фойесінде үстелге қалдырып, қабылдау бөлмесіне барған. Бірнеше минуттан кейін ғана сөмкенің жоғалып кеткенін аңғарған. Қонақ үй қызметкерлері ұрыны көрмегендерін айтты.

Кейінірек полиция Париж маңындағы Масси коммунасынан шенеуніктің бос сөмкесін тапты. Ол жүк көлігінің артына тығылған.

Бұған дейін Катар Әмірінің келінінің Парижге бара жатқанда брендтік сөмкелерін ұрлап кеткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: