Жаңалықтар тізбегі
0

"Менің ұлым, анау айтқандай, құбыжық емес". Сотты болып жатқан P. Diddy-дің анасы мәлімдеме жасады

Дженис Смолл Комбс, П.Дидидің анасы, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2024 17:32 Сурет: Instagram/diddy
Америкалық хип-хоп жұлдызы әрі Голливудтағы ең бай адамдардың бірі П. Диддиге жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы және басқа да қылмыстық әрекеттер бойынша айып тағылып отыр. Комбстың анасы Дженис Смоллс ұлын алып-қашпа сөздерден қорғап, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өз арызын адвокаты арқылы жолдаған. Page Six басылымының хабарлауынша, әншінің анасы P. Diddy-ға тағылған айыптар шындықтан  емес, "өтіріктен жасалған хикаяттардан" құралған деген пікірде.

Сөйткен Дженис Смоллс бұл өтіріктерден жаны жараланып, көңілі құлазуда екенін жеткізеді. 

"Менің ұлым, анау айтқандай, құбыжық емес. Маған тек ол шындықты айтып, босап шыққанға дейін өмір сүрсем деп дұға етуден басқа амал жоқ", - дейді ол.

Дженис Смоллс Комбс ұлын өзін қорғауға лайық екеніне сенімді:

"Мен ұлымды мінсіз адам ретінде көрсеткім келіп жатқан жоқ. Ол мінсіз деп айта алмаймын. Өзінің өткенінде біз сияқты ол да қателіктерге жол берген".

2024 жылдың 16 қыркүйегінде Комбс қамауға алынды. Оған жыныстық зорлық-зомбылық, адам саудасы бойынша айыптар тағылды. 17 қыркүйектегі алғашқы сот отырысында Комбс өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамады. 2024 жылдың 1 қазанында Комбсқа 2000-2010 жылдардағы шабуылдарды қамтитын тағы 120 адамнан талап-арыз келіп түсті. Олардың 25-і - кәмелетке толмағандар, арасында қыз да ұлдар да бар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: