Анталияда әуежайға қону кезінде ұшақтың доңғалағы жұлынып кетті
Сурет: Х/HavaSosyalMedya
Мюнхен – Анталья рейсін орындаған Boeing 737 ұшағының дөңгелегі жұлынып кетті. Жолаушылар борттан аман-есен шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпарат түріктің онлайн азаматтық авиация платформасы - HavaSosyalMedya Х әлеуметтік желісінде жариялады.
"Мюнхен-Анталья рейсін орындаған, тіркеу нөмірі - TC-TJV, Corendon Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағының доңғалағы қону кезінде жұлынып кетті. Ұшақ ұшу-қону жолағымен ары қарай жылжып, ақыры өздігінен тоқтады", делінген хабарламада.
Айта кетсек, бұған дейін Түркияда көпбалалы ер адам отбасын қырып тастап, артынан өзіне қол жұмсағаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript