Боливияның бұрынғы президенті күтпеген шабуылға тап болып, оққа ұша жаздады
CNN-нің ақпаратынша, Моралес Боливияның Орталық Кочабамба департаментіндегі радиостанцияға демалыс күніндегі бағдарламаны жүргізуге бара жатқанда, жолда оның көлігін екі көлік тосауылдап, оның ішінен "қара киімдегі және капюшон киген төрт офицер шығып, атуды бастаған".
Моралестің айтуынша, көлікке он төрт оқ тиіп, жүргізуші басы мен қолынан жарақат алған.
Моралес шабуылды үкімет жасады деген пікірде және бұл әрекетті "Боливия халқының алдында Үкіметтің саяси жеңілісін" күшейтетін "сәтсіздік" деп айыптады.
Үкімет өз кезегінде оқиғаға қатысы жоқ екенін және тергеу басталғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Қытайдағы балабақшалардың қысқаруы елдегі бала туудың төмен деңгейін растайтындығы хабарланған болатын.