Белгілі блогер Роналдумен бірге түскен бейнесін жариялап, жоғары қаралым санын жинады

Белгілі блогер Роналдумен бірге түскен бейнесін жариялап, жоғары қаралым санын жинады , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.12.2024 11:43 Сурет: X/MrBeast
Танымал блогер - MrBeast, португалдық футболшымен бірге түскен бейнесінің қаралым санын айтып мақтанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнеде Криштиану "Әл-Насра" жанкүйерімен бірге челленджге қатысып, оған миллион доллар ұтып алуға көмектесті.

Бейненің бір тәулікте 47 млн қаралым жинағанын MrBeast өзінің х парақшасында мәлімдеді.

Сурет: Х/MrBeast

Желі қолданушылары блогердің қуанышын су сепкендей басып, оның әлі рекордқа алыс екенін айтты. Айта кетейік, рекорд 24 сағат ішінде 93 миллион қаралым жинаған GTA 6 трейлеріне тиесілі.

"MrBeast рекорд орнату үшін Тейлор Свифт, Канье Уэст, Джо Байден және Хасбикті бір бейнеге жинап түсіруі керек", – деп күлді хейтерлер пікірлерде.

Бұған дейін "Әлем ханымы" байқауында аяғынан жарақат алған ресейлік әйел жеңіске жеткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: