16 жасар жасөспірім өз отбасын қырып салғанын мойындады

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, правонарушитель в наручниках, человек в наручниках, преступник в наручниках, преступление , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.12.2024 09:15 Фото: pexels
14 желтоқсан күні таңертең АҚШ-та Нью-Мексиколық 16 жасар жасөспірім тұтқындалды. Ол ата-анасын, бауыры мен әпкесін атып өлтірген, артынша мас күйінде 911-ге қоңырау шалып, төрт адамды өлтіргенін мойындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Штаттың құқық қорғау органдары жасөспірімнің "қатты мас күйде" болғанын мәлімдеді.

Полицейлердің айтуынша, үйдегі ас үй үстелінен мылтық табылды, сол маңайда қайтыс болған отбасы мүшелерінің де мүрдесі жатты. Күдіктінің қолынан қаза тапқандар:

  • Әкесі — 42 жастағы Леонардо Лейва;
  • анасы — 35 жастағы Адриана Бенкомо;
  • әпкесі — 16 жастағы Адриана Лейва;
  • бауыры — 14 жастағы Александр Лейва.
"Болжамды өлтіруші есін жию үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, содан кейін Альбукеркедегі кәмелетке толмағандарға арналған түрмеге қамалды", – деп хабарлады билік.

Штат полициясы жасөспірімнің бұл әрекетке неліктен барғанын анықтауда.

Бұған дейін АҚШ-тағы ЖОО-лар демалысқа кеткен шетелдік студенттерді кері шақырып жатқандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: