Аватарына бақаның суретін салған Маск криптовалюта бағамының өсіміне түрткі болды

Илон Маск, аватар, бақа, Пепе, криптовалюта, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2025 14:19 Сурет: flickr/Marla Aufmuth
Америкалық кәсіпкер Илон Маск Х әлеуметтік желісіндегі аты-жөнін "Кекиус Максимус" деп өзгерткені сол екен, криптовалюталардың бірінің бағамы өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар, профильдің аватарына SpaceX басшысы ежелгі римдік легионер формасындағы қолына геймпад ұстап отырған интернет кейіпкері - бақа Пепенің суретін орналастырды.

Маск бұған қатысты ешқандай түсініктеме бермеген.

Ал сарапшылардың пікірінше, миллиардер аталған лақап атапты кездейсоқ таңдамаған, өйткені бұл атау "Бозбалалар клубы" комиксіндегі (Boy ' s Club) бақа Пепе мемдері негізінде жасалған және әртүрлі блокчейн платформаларында жұмыс істейтін криптовалюта токендерімен байланысты.

CoinGecko порталының деректеріне сәйкес, Масктың осы әрекетінен кейін Kekius Maximus криптовалютасының құны тек бір тәулікте бірден 750,8%-ға өсіп, 0,11 доллар белгісіне жетті.

Басқа сарапшылар 2016 жылы АҚШ-тағы сайлау науқаны кезінде Дональд Трамптың жақтастары "кек "және "Пепе" интернет-мемдерін қолданғанын еске алады. Кейіннен Демократиялық партияны қолдайтын бірқатар ресурстарда бұған тыйым салынды.  

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: