Израиль әскері мектепті бомбалады

Израиль әуе күштері Газа секторының солтүстігіндегі мектепке соққы беріп, 27 палестиналықты мерт қылды.
Мұны "Хамас" үкіметінің денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, білім мекемесін босқындар уақытша баспана ретінде пайдаланған.
Газадағы атысты тоқтату туралы келісім қаңтардың 19-да күшіне еніп, наурыздың басында қайта бұзылды, деп жазады qazaqstan.tv.
Содан кейін жанданған авиациялық шабуылдардан 1200-ге жуық палестиналық қаза тауып, ондаған мың бейбіт тұрғын үйлерін тастап кетті.
Қазір екі жақ бітім бұзылғаны үшін бір бірін айыптап отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз