АҚШ туристі жабайы тайпа қоныстанған аралға бармақ болғаны үшін қамауға алынды

The Guardian газетінің ақпаратынша, 24 жастағы Михаил Поляков Солтүстік Сентинель аралының жабық аумағына – Үндістандағы Андаман аралдарының бір бөлігіне – шамамен 150 жергілікті тұрғынмен кездесуге тырысқан.

Сурет: Youtube/Neo-Orientalist
Үндістандықтар мен шетелдіктерге де аралға 5 км-ден артық жақындауға заңмен тыйым салынған, өйткені бұл шаралар жергілікті халықты сыртқы аурулардан қорғауға және олардың дәстүрлі өмір салтын сақтап қалуға бағытталған.
Халықаралық жаңалықтар бетінде Сентинель тайпасы соңғы рет 2018 жылы жарық көрді. Онда тайпалықтар аралдың жағажайына заңсыз қонған 27 жастағы америкалық миссионер Джон Аллен Чауды өлтірген болатын.
Чаудың денесі табылған жоқ, сондай-ақ, оның өліміне де тергеу жүргізілмеді, себебі үнді заңымен аралға кіруге тыйым салынды.
Полицияның мәліметінше, Поляков соңғы бірнеше айда жабық аймаққа екі рет барған. Бірінші рет ол 2024 жылдың қазанында үрмелі қайықпен аралға жетуге тырысқан, бірақ қонақ үй қызметкерлері оны тоқтатқан. Екінші рет, 2025 жылдың қаңтарында әрекет жасаған.
Бұл жолы Поляков 35 км ашық теңізді моторлы қайықпен жүріп өтпек болған
Сентинельдіктердің тілдері мен дәстүрлері әлі күнге дейін беймәлім болып қалуда. Олар бөтен адамдармен байланысудан қашады және жақындауға тырысқандарды өлтіреді.
Бұл ретте, Үнді билігі аралға заңсыз кіруге көмектескен жергілікті тұрғындарды жауапқа тартты.