Елордада колонияға алкоголь алып өтпек болған азамат тұтылды

Түзеу мекемесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 20:48 Сурет: Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
Оқиға №3 түзеу мекемесінде орын алды. Жазасын жеңілдетілген мекемеде өтеуші Н. күнделікті жұмысына шыққан. Кешке мекемеге оралу кезінде ол өзімен бірге су құйылған бөтелкені алып кірмек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алайда, Астана қаласы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бақылау-өткізу пункттіндегі мекеме қызметкерлері тексеру барысында бөтелкедегі судан алкогольдің иісін анықтаған. 

Жазасын өтеуші жұмыста жүргенде 3 ампула спиртті сумен араластырғанын, оны мекеме қызметкерлерінен тығып мекемеге кіргізіп өзі ішпекші болғанын мойындады.

Алкогольдің иісі шыққандықтан табылған зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Айта кету керек, бұл жағдай – тыйым салынған заттарды мекеме аумағына әкелуге тырысқан алғашқы дерек емес.

Жазасын өтеушіге ескерту берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: