Кенияға құлаған зымыранның бір бөлігі жергілікті тұрғындардың зәресін ұшырды
The New York Times газетінің дерегінше, диаметрі шамамен үш метр және салмағы 500 кг болатын металл сақина ел астанасы Найробидің оңтүстік-шығысында орналасқан Макуени округіне аспаннан құлаған.
Сурет: Х/DailyLoud
"Зардап шеккендер жоқ", — деп нақтылады газет.
Алайда бұл оқиға тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды.
Metallic object weighing about 500kgs falls from space and lands in Kenyan village east of the country – Kenya Space Agency pic.twitter.com/hNFZeLdJO9
— TRT World Now (@TRTWorldNow) January 2, 2025
Кения ғарыш агенттігі табылған бөліктің зымыранды бөлу сақинасы екенін растады. Олар мұндай қоқыстар көпжылдық ғарыштық ұшырулардың нәтижесі екенін айтты. Алайда, олар әдетте атмосферада жанып кететін немесе мұхитқа түсетін.
Space debris falls on Kenyan village
— 🇺🇦 paolo rel (@paolobucci18) January 3, 2025
Space debris fell on the Kenyan village of Mukuku in the first days of the new year. It turned out to be a red-hot ring 2.5 meters in diameter and weighing about 500 kilograms.
When the object cooled, the Kenyan Space Agency studied it and… pic.twitter.com/jtvdy2e6lZ
Бұған дейін Барселонаның самокат айдағандарды қатаң жазалауды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.