Грузияда 9 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды

Грузияда 9 қаңтар аза тұту күні деп жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 09:23 Сурет: pixabay
Грузия бұл шешімді Абхазияның Галь ауданы Саберио ауылында қызыл жалыннан көз жұмған балаларды аза тұту үшін қабылдады. Өрт салдарынан бір үйдің бес баласы тірідей жанып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Үкімет әкімшілігі мәлімдеді.

"Грузия Үкіметі өрттен қайтыс болған балалардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтады", – делінген ақпаратта. 

Премьер-Министр Ираклий Кобахидзе қол қойған Үкіметтің қаулысына сәйкес, аза тұту күніне орай Грузия аумағындағы әкімшілік ғимараттарда мемлекеттік тулар түсіріледі.

Саберио ауылындағы қайғылы оқиға 5 қаңтарда болды. Үйдегі қария пеш жақпақ болып, абайсыздықта керосин мен бензиннің құтысын шатастырып алған. Осылайша, ағаштан жасалған үй лезде қызыл жалынға оранған. Көршілері тек қарияны құтқара алды, ол қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал, қыршынынан қиылған балалардың ең үлкені сегіз жаста, ал кішкентайы бір жасқа да толмаған. Оларды бүгін, 9 қаңтарда жерлейді.

Бұған дейін ғалымдар ядролық соғыстың салдарын қай мемлекеттер еңсере алатындығын анықтағаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: