ХАМАС Израильдың тағы төрт азаматын босатты
Бұл ақпаратты Telegram-дағы арнасында Израиль армиясы (ЦАХАЛ) растады.
Ведомствоның баспасөз қызметі қазір босатылған адамдар Израиль қорғаныс күштері мен Газа секторындағы жалпы қауіпсіздік қызметіне қарай бағыт алғаны айтылады.
Азат етілгендер тізімі: 20 жастағы Карина Ариева, 20 жастағы Даниэла Гилбоа, 20 жастағы Наама Леви және 19 жастағы Лири Альбаг. Олардың барлығы Израильдің әскери қызметшілері болып табылады.
Оларды ХАМАС содырлары 2023 жылдың 7 қазанында Израиль аумағына шабуыл жасаған кезде ұрлап әкеткен. Қыздар Газа секторымен шекарадағы бақылау пунктінде болған.
Қыздар Газадағы атысты доғару туралы келісім аясында палестиналық тұтқындар тобына айырбастау мақсатында босатылды.
Бұған дейін ХАМАС 471 күн тұтқында болған Израильдің үш кепілге алынған азаматын Қызыл Крестке табыстағандары хабарланған. Атысты тоқтату туралы келісім аясында Роми Гонен, Эмили Дамари және Дорон Штайнбрехер босатылды.