Атақты миллиардердің визиткасы аукционда 40 млн теңгеден сатылуда

Визитка, Стив Джобс, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2025 11:41 Сурет: freepik
RR Auction компаниясы 1983 жылы Стив Джобс қол қойған визит картасын аукционға шығарды. Бұл карта Macintosh-тың алғаш рет жарыққа шыққанына дейін бір жыл бұрын шығарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Apple-дың негізін қалаушыға тиесілі бұл картада оны аты-жөні мен лауазымы анық көрсетілген:  "Chairman Board of Directors". Сондай-ақ, визиткада Apple-дің әйгілі логотипі - кемпірқосақ та бейнеленген, делінген 9to5Mac хабарламасында.

Сурет: 9to5Mac

Аздаған ақауларына қарамастан, визитканың нақтылығы расталып, сертификатталған. RR Auction атап өткендей, Джобс кәдесыйларға қол қою мәселесіне өте ұқыпты қараған, сондықтан бұл осындай заттарды коллекционерлер үшін ерекше құнды етеді. Аукционға шығарылған Джобстың визиткасының тек төртеуі ғана осы кезеңге жатады және олардың біреуіне ғана қол қойылған. 

Аукцион 20 ақпанға дейін жалғасады және ұсынылған баға 75 000 долларға жетті. Келесі  ставка 82 500 долларды құрайды, бұл шамамен 40 млн теңге болады.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: