Тасмания аралында 90-ға жуық косатка жағада жатыр

Тасмания аралында 90-ға жуық косатка жағада жатыр , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.02.2025 09:31 Сурет: Тасманияның Табиғи ресурстар және қоршаған орта департаменті
Австралиядағы Тасмания аралында 150-ден астам косатка жағада жатыр, қазір олардың 90-ға жуығы тірі, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian дерегінше, жыртқыш балықтар жағаға кемі екі тәулік бұрын шығып кеткен. Жағалаудың шалғай орналасуына байланысты олардың барлығын бірдей құтқару мүмкін болмайды. Косаткалардың бұл әрекетке бару себебі әзірге белгісіз.

Сурет: Тасманияның Табиғи ресурстар және қоршаған орта департаменті

Теңіз ортасын сақтау бойынша сарапшылар, соның ішінде ветеринарлар оқиға орнына келіп, 90 сүтөоректінің әлі тірі екенін растады.

"Бұл косаткалардың соңғы 50 жылдағы алғашқы жаппай жағаға шығуы",- деді Брендон Кларк, Тасмания саябақтары мен жабайы табиғат қызметінің байланыс офицері, Хобарттағы баспасөз мәслихатында.

Мамандар оларды бастапқы мекендеріне қайтару қиынға соғады, деп отыр.

Бұған дейін Нью-Йорктегі аукционда жануарлар салған суреттер сатылатындығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: