Чехия тұрғындары мұздай суға түсуден әлімдік рекорд орнатты

Таяуда Чехияда 2461 адам Мост өзеніндегі мұздай суға түсіп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олар 2015 Польшада өткен қысқы жүзушілер конвенциясында орнатылған рекордты жаңартты. Ол кезде бір мезетте 1799 адам суға түскен болатын.

Сурет: guinnessworldrecords
Жаңа рекордтың бастамашысы чех фридайвері Дэвид Вензл болды. Бұл оның алғашқы рекорды емес. Ол 2021 жылдан 2025 жылдың наурызына дейін қосымша құралдарсыз мұзды көлде ең ұзақ жүзген спортшы ретінде танылған.

Сурет: guinnessworldrecords
Бұған дейін Жапониядағы әуежайдың Hello Kitty деп өзгертілгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript