Чехия тауында туристер өте қымбат заттар толы қазына тауып алды

CNN агенттігінің хабарлауынша, өздерінің атын атамауды сұраған қос турист Чехияның солтүстік-шығысындағы кеңінен танымал жаяу серуендеуге арналған аймақ - Крконошах орманы арқылы төте жолмен жүргендерін айтқан. Тас беткейлердің біріне келгенде олар қабырғадан шығып тұрған алюминий қорапты байқайды, оның ішінде:
- 10 алтын білезік;
- 17 темекі қорабы;
- ұнтақ пен тарақ;
- 598 алтын монета болған.

Сурет: Museum of Eastern Bohemia
Шығыс Богемия мұражайының археологиялық бөлімінің меңгерушісі Мирослав Новактың айтуынша, туристер өздерінің тауып алған олжасын бірден Градец-Кралов қаласындағы мұражайға әкеліп тапсырған.
"Олар біздің нумизмат маманға алдын ала жазылусыз тіке келген. Осыдан кейін ғана археологтар табылған құнды жәдігерлермен айналысып, оқиға орнына да аттанды", – деді Новак.
Қазынаны кім және не үшін жасырғаны әлі белгісіз. Алайда, оған жүз жылдан астам уақыт өткені анықталды, өйткені монеталардың бірінде 1921 жыл деген жазу бар. Қазынаның құны әлі де анықталуда, дегенмен Войтех Брадле мұражайы нумизматының айтуынша, салмағы 3,7 келі болатын бір алтын монетаның құны 8 миллион чех кроны немесе шамамен 360 мың АҚШ долларын құрайды.

Сурет: Museum of Eastern Bohemia
Мирослав Новак Чехия заңнамасына сәйкес, археологиялық олжа табылған сәттен бастап жергілікті аймақтық әкімшіліктің меншігіне айналатынын жеткізді. Бұл жағдайда, оның айтуынша, қазына заңға сәйкес мұражайға беріледі, ал тапқандарға қаржылай сыйақы уәде етіледі, оның мөлшері металдың құнына немесе бағалауға байланысты.