Жұлдыздар мінген "Селфи-яхта" Израильге бет алды: Грета Тунберг өзін ұрлап кеткенін айтты

Жұлдыздар мінген "Селфи-яхта" Израильге бет алды: Грета Тунберг өзін ұрлап кеткенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2025 10:53 Сурет: Instagram/gretathunberg
Танымал экоактивист Грета Тунберг, "Игра престолов" телехикаясы арқылы танымал болған ирландиялық актер Лиам Каннингем және палестинаны қолдайтын он шақты белсенді "Мадлен" желкенді кемесімен Газа секторына Мысыр жағынан жүзіп баруға тырысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар бұл қауіпті сапарға гуманитарлық мақсатпен шыққанын мәлімдеген.

Алайда Израиль билігі бұл әрекетті арандатушылық ретінде қабылдап, Газа секторындағы қанды қақтығыс пен гуманитарлық дағдарыс аясында антиизраильдік пікірлерді күшейтуге бағытталған әрекет деп бағалады. Жергілікті БАҚ әскерилердің кемені Ашдод портына сүйреп апарып, белсенділерді тұтқындауы мүмкін екенін жазған.

Бір кезде кемемен байланыс үзіліп қалған, алайда кейіннен Израиль СІМ X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде "Мадлен" кемесінің Израиль жағалауына бет алып бара жатқанын, ал жолаушылардың елдеріне қайтарылатынын хабарлады.

"Жұлдыздардың "Селфи-яхтасы" Израиль жағалауларына сәтті бет алып барады. Жолаушылар өз елдеріне оралады деп күтілуде", – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, министрлік кемеде болған гуманитарлық жүктің Газа секторына "нақты гуманитарлық арналар" арқылы жеткізілетінін атап өтті.

Ал осы сәтте экоактивист Грета Тунбергтің парақшасында оның Израиль әскері тарапынан ұрланғаны жөнінде жазба пайда болды. Онда Швеция үкіметі өз азаматын қорғауы тиіс екені айтылған.

"Ол ешқандай қауіп төндірмейді және халықаралық теңіз, гуманитарлық құқық пен адам құқықтары нормаларына толық сәйкес әрекет етті", – делінген жазбада.

Бұған дейін Трамптың Си Цзиньпинмен не туралы сөйлескенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: