Грета Тунберг полицияға бағынбағаны үшін сот алдында жауап береді

Грета Тунберг полицияға бағынбағаны үшін сот алдында жауап береді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2023 01:54 Сурет: Instagram/gretathunberg
Грета Тунберг осы маусымда Мальме мұнай портындағы климаттық акция кезінде полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сидсвенсканның айтуынша, "полиция бұйрығына бағынбады" деген айып ол полицияның шара өтетін жерден кету туралы бұйрығынан бас тартқаннан кейін көтерілген.

Әлеуметтік желіде Тунберг акцияның мақсаты мұнай тасымалдайтын көліктерді қоршау екенін айтты.

Іс Мальмё аудандық сотында қаралады. Алдын ала белгіленген күн – 28 шілде. Сот алдына Гретта Тунбергпен бірге оның серіктестері шығады.

Ұсынылған бап бойынша қыз 6 айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Маусым айында Грета Тунберг мектептегі соңғы ереуілін өткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: