Грета Тунберг Израильде тұтқында болған кезінде көрген қорлығын жайып салды
Сурет: X/GretaThunberg
Aftonbladet атты швед басылымына берген сұхбатында ол өзін және басқа да Газа секторына бет алған флотилия мүшелерін Израиль билігі қалай ұстағанын баяндады. Тунбергтің айтуынша, ол қайықтан түспек болғанда, бір топ полицей тосқауыл қойып, оны жерге құлатып, үстіне Израиль туын жапқан.
Одан кейін, оның сөзіне қарағанда, полиция қызметкерлері оны дөрекі түрде бұрышқа қарай алып кеткен.
"Арнайы ханымға – арнайы орын,- деп мазақтады олар".
Белсендінің айтуынша, израильдік сарбаздар оған швед тілінде "жезөкше Грета" деп тіл тигізген. Сондай-ақ, егер ол Израиль туына тиіп кетсе, полицейлер оған бірден күш қолданған.
Түрмеде депортацияны күтіп жатқан кезде, Тунбергтің айтуынша, оған және флотилияның басқа мүшелеріне аптап ыстыққа қарамастан су берілмеген. Бұл жағдайдан Израильдегі Швеция елшілігінің қызметкерлері хабардар болған, себебі олар белсенділерді түрмеде барып көрген.
"Адамдар есінен танып құлаған кезде, біз торларды ұрып, дәрігер шақырдық", – деп еске алды Тунберг.

Сурет: Magnus Wennman
Грета босатылғаннан кейін өзінің чемоданын алған кезде, оның үстінде "жезөкше Грета" деген жазу мен ер адамның жыныс мүшесінің суреті салынғанын көрген.
Өз кезегінде Израиль билігі Грета Тунбергті өтірік айтты деп айыптаған болатын.