Жаңалықтар тізбегі
0

Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты алдында шыққан үкімді заңды деп таныды

Жанболат Мамай, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2023 19:35 Сурет: Facebook/Zhanbolat Mamay
Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты алдында шыққан сот үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"М. бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып: азаматтарды тіркелмеген партия қатарына қосылуға және оппозициялық ортада мансаптық өсімге қол жеткізуге шақырды; саяси жағдайды тұрақсыздандыру мақсатын көздей отырып, қоғамдық сананы манипуляциялауға ұрындырды; халықтың борыштық кредиттік жүктемесіне байланысты әлеуметтік шиеленісті пайдалана отырып, ҚР Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің кредиттік рақымшылық жариялауы туралы көрінеу жалған ақпарат таратты; банктерде және елдің микрокредиттік ұйымдарында кредиттері бар азаматтардан несиелерін жою жөнінде өтініш беруді, содан кейін күн сайын осыны талап етуге шақырды", делінген Алматы қаласы сотының хабарламасында.

Одан кейін ол 04.01.2022 жылы тіркелмеген партия атынан сөз алып, елдегі әлеуметтік шиеленісті жағдайды біле отырып, Алматы қаласының "Алматы Арена" мұз айдыны сарайының жанында заңсыз митинг ұйымдастырды. Халыққа тастаған үндеулері арқылы ол ҚР билігіне, құқық қорғау органдарына теріс, сыни көзқарастың пайда болуына, ҚР-дағы билікті алмастыру қажеттігі туралы пікірдің қалыптасуына түрткі болды. Сондай-ақ  ҚР-дағы биліктің өзгеруіне қойылатын талаптарды қолдау мақсатында митингілерге қатысуға ынталандыру және адамдар бойында зорлық-зомбылықпен, талқандаумен, өрттеп, қиратумен бірге қала аумағында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру, мүлікті жою, атыс қаруын қолдану, сондай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету ниетін туғызды.

  • Сот жазаны тағайындау кезінде сотталған адамға берілген оң мінездеме мен асырауында үш жас баласының болуын ескерді. 
  • М. кінәлі деп танылды.
  • Билік өкілдерін қорлау бойынша іс - мерзімінің өтуіне байланысты өндіріс тоқтатылды.
  • Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны және жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, әлеуметтік желілерде қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айырылды.
  • Сот үкімімен келіспеген М. оған апелляциялық сатыда шағымданды.

Алматы қалалық сотының 2023 жылғы 29 маусымдағы апелляциялық алқасы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды және сот үкімі заңды күшіне енді.

10 сәуірде Алматыда Жанболат Мамай публицистикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, шартты түрде 6 жылға сотталды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: