Қыз-келіншектерге АИТВ жұқтырып, сотты болған Теміртау тұрғыны апелляциялық шағым түсірді
Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облыстық соты Теміртау қалалық сотының әйелдерге АИТВ жұқтырған ер адамға қатысты шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарағанды облыстық сотының хабарлауынша, апелляциялық шағымда сотталған бірінші сатыдағы соттың үкімімен келіспей, оны өзгертуді, тағайындалған тым қатал жазаны жеңілдетуді сұрады.
"Сот алқасы ҚР Қылмыстық Кодекстің 118-бабы 3-тармағы бойынша сотталушының кінәсінің дәлелденгені және іс-әрекетінің дұрыс саралануы туралы сот қорытындыларымен келісті. Сот сотталған адамға жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, оның жеке басын ескере отырып, ҚК-нің 118-бабы 3-бабының санкциясы шегінде жаза тағайындады". Қарағанды облыстық соты
Айта кетсек, 2 қарашада Теміртау қалалық соты қала тұрғыны өзінің ауру екенін біле тұра, қыз-келіншектерге әдейі ауру жұқтырған деп қорытынды шығарды. Осыған байланысты оны қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне 6 жыл 6 айға тоғыту түрінде жаза тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript