Басы кесілген әйел: Сотталушы сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым түсірді
Сурет: Zakon.kz
Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі Алматыда әйелдің басын кесіп алған ер адамға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қайта қаралғанын нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, алқабилер сотының үкімімен сотталушы қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.
Сонымен қатар, сотталушыдан сот үкіміне қарсы апелляциялық шағым түсті.
"Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы тараптардың дәлелдері мен іс бойынша тіркелген дәлелдемелерді зерделей отырып, бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдыру, апелляциялық шағымды қанағаттандырмау туралы қорытындыға келді".Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі
Басы кесілген әйелдің денесі 2023 жылдың сәуір айының соңында қараусыз ғимарат маңынан табылды, қаскөй жәбірленушінің басын дүкенге қалдырып кеткен. 28 қыркүйекте Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үйсіз-күйсіз әйелді айрықша қатыгездікпен өлтіргені үшін Асхат Иманқұсовқа қатысты үкім шығарды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript