Афина жағалауында туристер мінген тікұшақ апатқа ұшырады
Сурет: pixabay
ProtoThema English порталының мәліметінше, әуе кемесі маринадағы тікұшақ алаңына қонғаннан кейін қайтадан ұшуға әрекет жасаған. Алайда көкке көтерілгеннен кейін бірнеше секунд өткен соң, ол кенеттен құлап түскен. Бұл оқиға шомылып жүргендер мен демалушылар көп болған аймақта дүрбелең тудырды.
Бортта бес адам болған. Абырой болғанда, олардың барлығы аман қалып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Жолаушылардың төртеуі – америкалық, біреуі – грек. Туристер Миконос аралына бет алған болатын.
Қазір пилот тергеу органдарына түсініктеме беріп жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа механикалық ақау немесе қатты жел себеп болуы мүмкін. Оқиға орнында сүңгуірлер жолаушылардың жеке заттарын судан алып шықты. Тікұшақты алдағы екі күн ішінде судан шығару жоспарланып отыр. Сол кезде апаттың ресми себебі де жарияланады.
🚨 Helicopter crash near Vouliagmeni Marina, Greece. All 5 passengers safe, 4 with minor injuries. Coast Guard & emergency teams on scene. Cause under investigation. #Vouliagmeni #HelicopterCrash #Greece #emergencyresponse pic.twitter.com/6B2jVR428m
— Greek City Times (@greekcitytimes) June 15, 2025
Айта кетейік, 2025 жылы 12 маусымда Үндістанның Гуджарат қаласындағы Ахмедабад әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Лондонға бет алған бортта экипажды қосқанда 242 адам болған. Air India әуе компаниясы Boeing 787-8 жолаушылары қай елдерден келгенін анықтады. Кейінірек белгілі болғандай, ұшақ медициналық жатақханаға соғылып, ондағы адамдар зардап шеккен. Апаттан бір адам аман қалды.