Германияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады

Әскери тікұшақ, Германия, апатқа ұшырау, Саксония, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 19:54 Сурет: pixabay
Германияның Саксония өңірінде апатқа ұшыраған әскери тікұшақтың ұшқышы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Bild газеті куәгерлерге сілтеме жасай отырып, тікұшақ бөлшектері  Мульда өзенінен байқалғанын жазады.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер, полицейлер, сүңгуірлер аттанды.

"Сейсенбіде Гольцерн мен Требзен арасындағы Гримма маңында тікұшақ апатқа ұшырады", делінген хабарламада.

Тікұшақ бөлшектерін өзен бетінде қайықпен жүрген ескекшілер кезіктірген. Мұның Дрезден – Лейпциг А14 тас жолына жақын маң екені айтылады.

Саксония - елдің шығысында орналасқан Германия құрамындағы федералды өңір.

Бұған дейін Ресейде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: