Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады
Сурет: İhlas Haber Ajansı
24 қарашада Түркияның батысындағы Эскишехир провинциясында елдің Әскери-әуе күштеріне тиесілі тікұшақ апатқа ұшырады. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Газета.ru басылымының мәліметінше, тікұшақтың сынықтары табылды. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Министрліктің мәліметінше, AS-532 үлгісіндегі тікұшақ Эскишехир қаласынан оқу-жаттығу мақсатында ұшып шыққан.
Әзірге апаттың себебі белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бұған дейін, 12 қарашада Түркияның Малатья провинциясында тағы бір S-70 әскери тікұшағы апатқа ұшыраған еді. Салдарынан төрт әскери қызметші қаза тапты.
Бұған дейін жерлеу рәсіміне бара жатқан ондаған адамның қаза тапқаны туралы жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript