Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 23:58 Сурет: instagram.com/baurzhan__alenov
Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты а/о аумағында, "Қайыңды-Саты" таулы автожолының 9 км-да 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізушінің басқаруындағы "УАЗ" автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданы ПБ-да тіркелді.

Сурет: instagram.com/baurzhan__alenov

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақаты салдарынан қаза тапты. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді.

"Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы полиция департаменті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Істі тергеу барысын мен бақылауға алдым".Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: