Ақтөбе облысында 5 оқушы мінген көлік жол апатына ұшырады

жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2023 11:33 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысында 5 оқушы мінген көлік жол апатына ұшырап, бір бала жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы Байғанин ауданында Қарауылкелді ауылы Молдағұлова көшесі бойында 20 мамырда сағат 09:50 шамасында "НИВА" автокөлігі мен "Лада приора" автокөліктері соқтығысты.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлікте 5 оқушы болған, салдарынан 2011 жылы туған бала жарақат алған.

Аталған дерек аудандық полиция басқармасында тіркелген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: