АҚШ Қытаймен сауда келісіміне қол қойды
Сурет: flickr/White House
АҚШ Қытаймен жаңа сауда келісіміне қол қойып, жақын арада Үндістанмен де осындай келісімге келуге ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Financial Times дерегі бойынша, бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде бюджет пен салық саласындағы жоспарларына арналған шарада сөйлеген сөзінде айтты.
"Біз барлық елдермен келісім жасамаймыз. Кейбір елдерге жай ғана хат жолдап, олардың 25%, 35%, 45% төлейтінін ескертеміз", – деді АҚШ әкімшілігінің басшысы, бұл сөзінде АҚШ-тағы импорттық баж салығының мөлшерлемелерін меңзеп отыр.
2 сәуірде Трамп 185 ел мен аумақтың өнімдеріне кедендік баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Жалпыға бірдей 10% мөлшеріндегі тарифтер 5 сәуірден бастап күшіне енді, ал жекелей тарифтер – 9 сәуірден.
Сол күні-ақ АҚШ президенті баж салығының бір бөлігін 90 күнге тоқтата тұру туралы шешім қабылдағанын хабарлады. Ақ үй бұл шешімді сауда келіссөздерінің өтуімен байланыстырды. Осы кезеңде 10% мөлшеріндегі жалпыға бірдей тариф қолданылады.
Бұған дейін Қытайда тасқын су алып кеткен оқушы қыздың 7 сағаттан соң кәріз жүйесінен дін аман табылғандығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript