Испанияда дәстүрлі бұқалар жарысы басталды: алты адам жарақат алды

Испанияда дәстүрлі бұқалар жарысы басталды: алты адам жарақат алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2025 16:53 Сурет: Х/TheAtlPhoto
Памплона қаласында Сан-Фермин фестивалі аясында өткен биылғы алғашқы бұқалар жарысы кезінде кемінде алты адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аймақтық Қызыл крест бөлімшесінің Х әлеуметтік желісіндегі мәліметіне сәйкес, жарыс шамамен үш минутқа созылған.

Наварра өңірінің қамқоршысы – Әулие Ферминге арналған фестиваль шамамен бір аптаға жалғасады. Фестиваль аясында күн сайын бұқалармен жүгіру шарасы өтеді, онда жүздеген адам тар көшелермен, арнайы қоралардан босатылған бұқалардан қашып, жүгіреді.

Жарысқа жергілікті тұрғындар да, алыстан келген қонақтар да қатыса алады.

Бұған дейін Техастағы тасқын судан қаза тапқандардың саны 82 адамға жеткендігін жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: