Таиланд Камбоджаға қарулы шабуыл жасап, 13 адам опат болды
Сурет: pixabay
Жергілікті Khmer Times басылымның мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәліметті ұлттық қорғаныс министрлігі растады.
"Камбоджаның 13 азаматы, оның ішінде Камбоджа корольдігі Қарулы күштерінің бес әскери қызметкері және сегіз бейбіт тұрғын бүгін таңертең Пусат провинциясында тай сарбаздарының трансшекаралық шабуылы кезінде қаза тапты", делінген басылымда.
Ведомство жанжалдың шиеленісуіне байланысты Камбоджа билігі Преах-Вихеа, Оддармеантье және Поусат провинцияларынан 35 мыңнан астам адамды эвакуациялағанын да нақтылайды.
Таиландтың Экпхап ауылының маңында ауыр артиллерияны қолдануына байланысты 21 әскери және кем дегенде 50 бейбіт азамат әртүрлі дәрежеде дене жарақаттарын алды.
A new war is approaching: Heavy fighting broke out on the border between Thailand and Cambodia, — CNN.
— Jürgen Nauditt 🇩🇪🇺🇦 (@jurgen_nauditt) July 24, 2025
The Royal Cambodian Army shelled several Thai border towns with multiple rocket launchers.
In response, Thailand closed its border with Cambodia because of these attacks.… pic.twitter.com/HwJVxxfipp
2025 жылдың 25 шілдесінде кешке Чантхабури және Трат провинцияларының шекара қорғанысы қолбасшылығы Таиланд билігінің Камбоджа шекарасындағы сегіз округте әскери режим енгізгенін мәлімдеді.