Нигерияда әскерилердің қателігінен 20 адам қаза тапты

Нигерия әскері бандиттерден ауылды қорғап жүрген топты қателесіп соққыға алып, салдарынан 20 бейбіт тұрғын қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
AlJazeera дерегінше, ондаған бейбіт тұрғын мен бірнеше ірі қара малды бандиттер ұрлап әкеткен.
"Ұрланған адамдарды құтқару үшін бандиттердің соңынан түскендерді жойғыш ұшақ бомбалап жіберді. Олардың 20-сы қаза тапты", – дейді жергілікті тұрғын.
Белгілі болғандай, ұрыс ұшағының ұшқышы тұрғындарды бандиттер деп шатастырып, соққы жасаған. Әзірге, Нигерия Қорғаныс министрлігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.
Бұған дейін Ұлыбританияның ядролық қарумен жабдықталған жойғыш ұшақтарды сатып алмақ екенін жазған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript