Қытайда чикунгунья вирусымен күресу үшін өзен-көл беттеріне жыртқыш масалар жіберілді

Маса, жыртқыш, Қытай, чикунгунья, вирус, күрес , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2025 10:40 Сурет: pixabay
Қытайда өршіп жатқан чикунгунья вирусымен күресте табиғи дәрі-дәрмектерден бөлек, бүріккіш дрондарды, ауру жұқтырған масалар қалдырған тұқымды жеп алуы тиіс "жыртқыш" масалар мен балықтарды қолдану туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Yahoo таратқан ақпаратта ауруға қарсы күресте қолданылған табиғи құралдардың арасында үлкен масалар бар (toxoryhnchites түрі) екені айтылады. Олар чикунгуния мен денге безгегін тасымалдайтын масалардың Aedes түрімен қоректенеді екен. Әрбір дернәсіл бірнеше мың қауіпті масаларды жеп, өлтіруі мүмкін деп саналады. Бұл дернәсілдер масалардың қауіпті түріне шабуыл жасауымен ерекшеленеді, тіпті олар аш болмаса да. Сонымен қатар, олар адам қанымен қоректенбейді, сондықтан адамдарға қауіп төндірмейді.

Басылым Қытай бұл жәндіктерді қауіпті түрлерді бақылау үшін қолданған алғашқы ел емес екені де айтылады. Олар Америкада, Малайзияда және Үндістанда өсіріледі. Нәтижелер әртүрлі болған, бірақ Жаңа Орлеанда каннибал жәндіктер жіберілгеннен кейін Aedes масаларының саны 45 пайызға дейін төмендеген.

Сондай-ақ, Қытайда масалардың дәрнәсілімен қоректенетін 5 мыңға жуық балық жергілікті көлдерге жіберілді. Сонымен қатар, масалар тек көлдерде ғана емес, аз мөлшердегі шалшық суда да көбейе береді, ал Қытайда қазір ыстық және ылғалды ауа райы белең алған.

Бұған дейін Қытайда жаңа вирустың таралуына байланысты жаппай шектеулер қайта енгізілгені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: