Түркияда зілзалада қирап қалған ғимараттың құрылысшысы ұсталды

Түркияда зілзалада қирап қалған ғимараттың құрылысшысы ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2025 11:51 Сурет: pexels
Түркия билігі 6,1 баллдық жер сілкінісі кезінде елдің солтүстік-батысында қираған ғимараттың иесі мен құрылысшысын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ABC News дерегінше, 11 тамызда түрік билігі құлаған тұрғын үйдің иесі мен құрылысшысын ықтимал немқұрайлылықты тергеу аясында ұстады.

Жер сілкінісі 10 тамызда Балыкесир провинциясының Синдирги қаласында болды. Нәтижесінде құлаған үш қабатты тұрғын үйдің егде жастағы тұрғыны қаза тауып, өңір бойынша тағы 29 адам жарақат алды.

Ішкі істер министрі Али Ерикайдың айтуынша, жексенбідегі жер сілкінісі салдарынан 16 ғимарат қираған, олардың көпшілігі қараусыз қалған ауыл үйлері.

Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемисоглу дүйсенбідегі жағдай бойынша ауруханаға жатқызылған 29 адамның 19-ы үйлеріне қайтарылғанын хабарлады. Ал қалған науқастардың жағдайы бірқалыпты.

Еске салсақ, 2023 жылы Түркияда болған 7,8 балдық жер сілкінісі 53 мыңнан астам адамның өмірін қиған болатын. Олардың көпшілігі сапасыз құрылыстың салдарынан қирандылардың астында қалып, көз жұмды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: