Трамп Путинді Анкориджде өзі күтіп алды

Дональд Трамп, Владимир Путин, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2025 00:15 Сурет: Facebook/White House
АҚШ президенті Дональд Трамп 15 тамызда Анкоридждегі әскери базаның ұшу алаңында Ресей басшысы Владимир Путинді өзі күтіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдымен Аляскаға Трамптың ұшағы қонды, артынша Путин жеткен.

Сонымен қатар президенттердің жеке кездесуі жоспарланғандай емес, екі ел көшбасшыларының кеңесшілері қатысатын форматта болатыны белгілі болды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт мәлімдеді.

Оның айтуынша, Трампқа мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен арнайы өкіл Стив Уиткофф қосылады. Ал Путинге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен президент көмекшісі Юрий Ушаков еріп жүреді.

Бұдан бөлек, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың хабарлауынша, Путин Анкоридждегі Трамппен кездесуінен кейін кеңес ұшқыштарының қабіріне гүл қояды.

АҚШ-тың Аляска штатында 16 тамызға қараған түні Дональд Трамп пен Владимир Путиннің келіссөзі өтеді. Бұл – екі ел президенттерінің 2019 жылдан бергі алғашқы бетпе-бет кездесуі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: