Трамп 22 тамызда Путин және Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр

Трамп 22 тамызда Путин және Зеленскиймен кездесуді жоспарлап отыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2025 10:05 Сурет: flickr/Gage Skidmore
АҚШ президенті Дональд Трамп 22 тамызда Ресей мен Украина өкілдерімен үшжақты кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы республикашыл саясаткер Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуден кейін Еуропа лидерлерімен өткен сөйлесуде мәлімдеді, деп жазды Axios порталы. Әңгімеге Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Франция президенті Эмманюэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер (Британия қазір ЕО құрамына кірмейді) және НАТО бас хатшысы Марк Рютте қатысқан. Кейін бұл ақпаратты CNN де растады.

Алайда Трамп Путин және Зеленскиймен келіссөздерді тек дүйсенбі күні Украина президентімен өтетін кездесу сәтті өткен жағдайда ғана бастайтынын айтты. Еуропалық шенеуніктердің айтуынша, келіссөздерге кемінде бір ЕО басшысы қатысуы мүмкін.

Еске салайық, 15 тамызда Аляскада Путин мен Трамптың келіссөздері өтті. Бұл олардың алты жылдан бергі алғашқы бетпе-бет кездесуі болды. Анкоридждегі келіссөздерді мемлекет басшылары пайдалы әрі нәтижелі деп бағалағанымен, нақты келісімдерге келген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: