Трампен кездесу үшін Ақ үйге ЕО-дағы үш мемлекеттің басшылары ат басын тіреді
Сурет: pixabay
Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб, Франция президенті Эммануэль Макрон және Италия премьер-министрі Джорджа Мелони келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ал бұған дейін Ақ үйге Еуропалық комиссияның (ЕК) басшысы Урсула фон дер Лейен мен НАТО-ның Бас хатшысы Марк Рютте де жетіп алған екен.
Тікелей эфирді Fox News телеарнасы жүргізетіні белгілі.
18 тамызда Ақ үйде АҚШ пен Украина президенттері келіссөздер жүргізуі керек. Трамп Украина президенті Владимир Зеленский Қырымды ресейлік деп танып, НАТО-ға кіруден бас тартса, Ресей Федерациясымен қақтығысты "дереу" аяқтай алатынын мәлімдеді.
Дүйсенбі күні таңертең Зеленский Вашингтонға ұшып келді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript