Франциядағы түрмеде аса қауіпті есірткі саудагерлері аштық жариялады

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2025 11:03 Фото: Zakon.kz
Франциядағы жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі түрмелердің бірінде бірқатар тұтқын аштық жариялады. Аталмыш темір торда аса қауіпті есірткі саудагерлері жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Figaro газетінің мәліметінше, аштық акциясы тұтқындардың камераларын су басқаннан кейін бірнеше күн өткен соң басталған. Шамамен 20 тұтқын түрме әкімшілігінен тағам қабылдаудан бас тартты. Аштық жариялағандардың арасында марсельдік есірткі картелінің басшысы, "Шыбын" лақап атымен танымал Мохамед Амра да бар. Ол ақпанда Румынияда ұсталған болатын.

Басылым мәліметінше, шілде айында Па-де-Кале департаментіндегі арнайы түрме алғашқы сотталған есірткі сатушылар тобын қабылдаған. Ал тамыз айының басында Францияның әділет министрі Жеральд Дарманен бұл мекемеде 88 адам жазасын өтеп жатқанын және түрме толып кеткенін мәлімдеді.

Айта кетерлігі, түрмедегі есірткі сатушылары Франциядағы қоғамдық өмірге еркін араласып отырған көрінеді. Мәселен, ірі қылмыстық топтардың басшылары темір тордың ар жағында отырса да, өз желілерін басқаруда.

Бұған дейін Ауғанстандағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500 адамға жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: