Үндістандық әйел діни рәсімді сылтауратып танысының баласын ұрлап кеткен

Новорожденный, новорожденные, младенец, младенцы, ребенок, дети, грудничок, груднички, малыш, малыши, рождаемость, родильный дом, роддом, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2025 13:17 Фото: pexels
Үндістанның Кришнагири округіне қарасты Моттур ауылында 42 жастағы әйел 27 жастағы танысының баласын "пуджа" атты діни рәсім өткіземін деген сылтаумен ұрлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Times of India басылымының жазуынша, бұл рәсім қыз баланың жұлдызнамасындағы "кемшілікті түзету" және оның тағдырын өзгерту мақсатында жасалады делінген. Нәрестенің анасы алты айлық қызының жоғалғаны туралы сол күні-ақ полицияға хабар берген.

Бейнебақылау камераларының көмегімен күдіктінің ізі табылып, ол Хосур қаласына жеткен кезде қолға түсті. Полицияның мәліметінше, күдікті – ертеректе өзінің баласынан айрылып қалған әйел. Ол бұл қадамға аналық сағыныш салдарынан барғанын айтқан.

Басылым дерегінше, сәби анасына аман-есен қайтарылды, ал сот әйелді қамауға алу туралы шешім шығарды.

Бұған дейін Түркияда 8 мың жылдық тарихы бар жәдігер табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: